BasNewsЖаңалықтар
Қазақстан Түркияға тағы 60 құтқарушы жібереді
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, екінші эшелонның құрамында 60 адам енді. Олардың ішінде құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен кинологтар бар.
Құтқарушылардың екінші тобы 150-ге жуық апаттық-құтқару құралдарын және 160-тан астам дәрі-дәрмек түрін жеткізеді.
Осылайша, Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамға жетеді.