BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,28 теңгеге төмендеп, 455,65 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 8 ақпандағы ресми бағамы бір долларға – 456,98 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 454,97 теңге, сату – 458,59 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 455,40 теңгеден сатып алынып, 458,44 теңгеден сатылып жатыр.