BasNewsЖаңалықтар

Дағдарыспен күреске Ұлттық қордан 1,8 трлн теңге қаражы бөлінеді

Еліміздегі дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асады. Бұл туралы онлайн брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асады. Бұл шығындар республикалық бюджеттен 2,1 трлн теңге және инфрақұрылымдық облигацияларға қаражат тарту есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 1,8 трлн-ға артты. Коронавирус жағдайына байланысты өткен алғашқы брифингтердің бірінде мен Ұлттық қордың қаражаты пайдаланылмайтынын айттым. Бұл мәлімдеме дұрыс болмады, сол себепті кешірім сұраймын», – деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button