BasNewsЖаңалықтар

Елімізде екінші медбике коронавирус жұқтырды

Қызылорда облысында медбике коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды BasNews.kz Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«Облыс орталығында тұратын 23 жастағы тұрғыннан түнде алынған сынамалардың қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Ол емханада медбике болып жұмыс істейді және кеше коронавирус диагнозы расталған науқасқа ем-дом жасаған. Онымен жақын байланыста болған 16 адам карантинде, қалғаны үй жағдайындағы карантинде», – делінген ақпаратта.

Бірінші медбике індетті Атырау облысында жұқтырғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button