BasNewsЖаңалықтар
182 сағат өткеннен кейін үйінді астынан тағы бір бала құтқарылды
Түркияның Хатай провинциясында зілзаладан 182 сағат өткеннен кейін 12 жастағы ұл бала құтқарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
12 жастағы Каан Антакья қаласының Джебраиль ауданындағы құлаған ғимараттардың бірінен шығарылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Соңғы деректерге Түркияда қарағанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31600 адамнан асты.