BasNewsЖаңалықтар
Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Кейінгі тәулікте 91 адам коронавирус жұқтырған және 10 адам пневмониямен ауруханаға түскен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
15 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 545 адам коронавирус инфекциясынан (–1 382+ және 163 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 123 пациент стационарда, 1 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.