BasNewsЖаңалықтар
Кейінгі тәулікте 105 адамнан коронавирус анықталды
Кейінгі тәулікте 105 адамнан коронавирус анықталып, 17 адам жазылып шығып, 1 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
16 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 590 адам коронавирус инфекциясынан (-1 414+ және 176 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 125 науқас стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 3 науқастың жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.