BasNewsЖаңалықтар

Түркиядағы тағы да жер сілкінісі сезілді: Хатай провинциясында бірнеше ғимарат құлаған

Түркияның оңтүстік-шығысында бес баллдық жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Елдің төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдеуінше, жер сілкінісінің ошағы Жерорта теңізінде шамамен 10 км тереңдікте жатқан. Ол түрік жағалауынан шамамен 5 км қашықтықта, Хатай провинциясының аймағында орналасқан.

Провинция тұрғындары дүмпулерді сезді, ақпан айының басында жер сілкінісінен кейін бүлінген бірнеше ғимарат құлаған. Бірақ зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 40 мыңнан асты. Түркияда 105 505 адам зардап шексе, Сирияда 2357 азамат жарақат алды.

Back to top button