BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысып, үш адам қайтыс болды

Ақмола облысында жеңіл көлік пойызбен соғысып, үш адам қайтыс болды. Зардап шеккендер бар, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, 20 ақпанда 46 жастағы Новокубанка ауылының тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан.

«Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды: 1975 жылы туған әйел және 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды», – деп қосты полиция.

Алдын ала анықталғандай, минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына теміржол жолымен жүріп өткен.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Back to top button