Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 300-ден асты

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 302 адамға жетті, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
30 наурыз, сағат 18:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтыруға қатысты тағы 8 оқиға тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Қарағанды облысында – 6 адам, Алматы облысында – 1 адам анықталды.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 168 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 9 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам,
Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 5 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 302 науқас тіркелді.



