Darkhan Juzz лақап атымен танымал музыкант қайтыс болды
Әнші Дархан Жүнісбеков (Darkhan Juzz) қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, әнші Тайландта жол апатынан көз жұмған.
«Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қаза болды. Біздің азамат жол апатынан көз жұмды, ол жалдамалы мопедпен жүрген», – делінген хабарламада.
Қазір қазақстандық консул марқұмның туыстарымен байланыста. Мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Darkhan Juzz (шын аты Дархан Жүнісбеков) 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол рэп орындаушы, бірқатар әндердің авторы және дыбыстық продюсері. Музыкант шығармашылығында классикалық трэп, акустикалық гитара және сезімге толы ұштасып жататын.