BasNewsЖаңалықтар

250-ден аса қазақстандық жүк көлігі Польша шекарасында тұрып қалды

250-ден аса қазақстандық жүк көлігі Польша шекарасында тұрып қалды. Еуропаға экспорттық жүктерді тасымалдайтын қазақстандық тасымалдаушылар шектеулерге ұшырады, бұл миллиондаған шығынға әкеледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Атамекен» ҰКП сайтына сілтеме жасап.

21 ақпанынан бастап, Варшава уақыты бойынша сағат 19.00-де Польша-Беларусь «Кукурики-Козловичи» шекаралық өткелінде жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Бұл тыйым Польша республикасы және Еуропалық Одаққа мүше елдер, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (Eat), Еуропалық экономикалық кеңістік туралы келісімге мүше елдерге және Швейцария Конфедерациясында тіркелген көлік құралдарына әсер етпейді.

«Кукурики-Козловичи» өткелі «Бобровники-Берестовица» өткелі жабылғаннан кейін қазақстандық жүк тасымалдаушылар пайдалана алатын соңғы мүмкіндік болған.

«Жаңа шектеу елімізге Еуропа елдерінен экспорттық тауар және кәсіпорындарға еуропалық тауарларды таситын қазақстандық тасымалдаушыларға да қатысты. Мұның салдары миллиондаған шығынға әкеп соғады. 23 ақпандағы жағдай бойынша Польша аумағында 150-ден аса қазақстандық автокөлік құралы бар. Тағы жүзден астамы Еуропалық Одақ бағытында жүреді. Логистика бұзылған, тасымалдау құны қымбаттайды», – деді Мұрат Амрин.

Қазақстан Елшілігі тарапынан Польшаның мемлекеттік органдарына отандық тасымалдаушылар үшін шектеуді алып тастау қажеттігі туралы ноталар жолданған.

Қазіргі кезде ҚР ИИДМ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, Литва тарапымен қазақстандық тасымалдаушылар үшін қазақстандық машиналар ЕО аумағынан Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы бағытында кедергісіз шығуы үшін Литва Республикасы арқылы кедергісіз өтуді қамтамасыз ету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Литва тарапына деректерді беру мақсатында өткелде жиналған автомобильдердің тізімі жасалған.

Back to top button