Алдағы күндері 20 градусқа дейін күн жылынады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 ақпан – 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Метеорологтар болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райына атлантикалық циклон ықпал етеді. Қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боранмен қатты жауын-шашын болады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан-1 наурыз аралығында елдің шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі деп күтіледі. Күндіз Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында термометрлер 3-5 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылынады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 0-10 градусқа дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі», – делінген хабарламада.