BasNewsЖаңалықтар

Елімізде отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды

Бүгін әлеуметтік желілерде белгілі тауарға сертификатты жылдам алуға «көмектесетін» қызмет туралы ақпаратты заңсыз таратқан сайттар бұғатталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Осыған байланысты ҚР Сауда және индустрия министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация өнімнің қауіпсіз екенін растайды. Сертификатсыз өнім азаматтардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін екенін хабарлайды.

«Оны аккредиттелген сертификаттау органдары береді. Ал мұндай «делдалдық» қызметтерді аккредитациясыз жарнамалауға «Жарнама туралы» заңмен тікелей тыйым салынған. Сондықтан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті осындай сайттарды үнемі бақылап, табылған жағдайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жібереді», – Комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Мұндай сайттар әдетте ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдердің бірінде тіркелетін «сертификаттарды» жарнамалайды.

“Айтпақшы, өткен жылдың тамыз айынан бастап біз осындай 40 сайтты таптық және олардың 33-ін бұғаттадық. Кейбіреулер процесте, соның ішінде бүгін желіде тараған сайт та бар. Алдағы уақытта осындай сайтқа тап болсаңыздар Комитетке хабарласуларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Back to top button