BasNewsЖаңалықтар

ҚТЖ қызметкері 82 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының қызметкері 82 млн теңгеден астам қаржыны компанияда жұмыс істемейтін адамдардың атына еңбек демалысы төлемі ретінде аударып, қолды қылған, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Бұл туралы Алматы көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы көлік прокуратурасы «ҚТЖ Жүк тасымалы» «Алматы жол бөлімшесі» филиалының лауазымды тұлғасының аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісін анықтады.

«К» лауазымды тұлға мекемеге қатысы жоқ азаматтардың банктік шоттарына 82 млн теңгеден астам соманы демалыс төлемі аударған. Сондай-ақ, ол аударылған соманы өз қажеттілігіне жұмсаған.

«Аталған факт бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша «аса ірі мөлшерде кінәліге сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізу шешімін қабылдау үшін экономикалық тергеу қызметіне жіберілді.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 17 қаңтардағы үкімімен «К» 5 жыл мерзімге лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айрыла отырып, кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде сотталды», – деп хабарлайды ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енді. Келтірілген материалдық залал толығымен өтелді.

Back to top button