BasNewsЖаңалықтар

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Иә, біз Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен Дәурен Әскербекұлы Абаев Бекетжан Махатжанұлы Жұмахановтың орнына келеді деген тапсырма алдық. Ол 7 наурыздан бастап ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметіне кіріседі. Оның тәжірибесі ТМД Атқару комитетіндегі жұмысына жақсы әсер етеді деп есептейміз», – деп жауап берді Атқару комитеті Tengrinews.kz тілшісінің сауалына.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2016 жылдың мамырынан бастап ҚР Ақпарат және коммуникация министрі, 2019 жылдың ақпанынан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Back to top button