BasNewsЖаңалықтар

Рудныйда мас адам көшедегілерді пышақпен қорқытқан

Рудный қаласында мас адам  өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндірген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

3 наурызда сағат 19:30-да Рудный қаласының 102 пультіне рудныйлық тұрғыннан қалалық үйлердің бірінің ауласында өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндіретін мас күйіндегі ер адам бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнында полиция жасақтары мен учаскелік инспекторлар қала тұрғындарың қорқытқан адамды байқады, ол сондай-ақ полиция қызметкерлеріне де сес көрсетті. Оның қолында пышақ болды. Полиция қызметкерлері бұзақыны залалсыздандырды», – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта ол медициналық айықтырғышқа орналастырылған.

«Ұсақ бұзақылық бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау және қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік материалдар жиналды. Үш факті бойынша шешімді әкімшілік сот қабылдайды», – деп қосты полиция.

Back to top button