BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша сот отырысы басталды

Нұрлан Мәсімовтің ісі Павлодардағы мамандандырылған сотта алқабилердің қатысуымен қаралып жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы тергеу нұсқасын ұсынды.

Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке 366-баптың 4-бөлігі («Аса ірі көлемде пара алу») және 189-бабы («Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған шетелдік мүлікті иемдену немесе жымқыру») бойынша айып тағылған.

Кәсіпкер Евгений Евковичке 28-баптың 5-бөлігі – 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы («Ерекше ірі мөлшерде пара беруге көмектесу») бойынша айыпталса, Мәсімовке сонымен қоса 92-бап – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» айыбы артылған.

Айыптаушы тараптың айтуынша, барлығы облыстың бас полицейінің өзіне велотренажер (жатығуға арналған зат) сатып алуынан басталған. Бірақ оны өз қаражатына алмаған. 2020 жылдың сәуір айында ол өзінің орынбасары Сиразидимовтан бұл үшін демеушілердің бірін табуды сұраған. Қызметі үшін ол адамға полиция бөлімшесінің бастығы ретінде қамқорлық жасауға уәде береді. Сондай-ақ жоғары бағамен мемлекеттік сатып алуларға жәрдемдесетінін айтады.

Кәсіпкер Евгений Евкович көп ұзамай Мәсімовке құны 2 миллион теңгеден асатын велотренажер сыйлайды. Бірақ Мәсімов мұнымен шектелмей, тегін заттарды алуды жалғастыра береді.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, полиция департаментінің басшысы өзінің орынбасарымен бірлесіп 90,3 миллион теңге көлемінде мүлік түрінде пара алған.

2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі артиллериялық техниканы сатып алуға конкурс жариялаған кезде Павлодар облысының полиция басшылығы оған олардың досы Евкович міндетті түрде қатысуы керек деп есептейді.

Ал көп ұзамай кәсіпкермен павлодарлық тәртіп сақшыларының арасында 607,5 млн теңгеге сауыт, қалқан, амортизатор, резеңке таяқтарды сатып алуға келісім-шарт жасалады.

Айыптаушы тараптың ақпартына сүйенсек, шарт жоғары бағамен жасалған, өйткені іс жүзінде кәсіпкер барлық арнайы техниканы сатып алуға 184 млн жұмсаған. Яғни, мемлекет қаржысынан 423 млн теңге ұрланған.

Алайда Нұрлан Мәсімов тағылған айыппен келіспейді.

Сотталушылардың адвокаттары прокурордың сөзінде олардың қорғауындағылардың пара алудағы нақты әрекеттері айтылмағанын алға тартқан.

Судья мұның барлығы сот отырысы барысында нақтыланатынына сендірген. Келесі сот отырысын куәлардан жауап алудан бастау туралы шешім қабылданды.

Back to top button