BasNewsЖаңалықтар
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі сәуірге дейін ұзартылды
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.