BasNewsЖаңалықтар

Ыстамбұлда теракт жасаған сириялық әйел 3000 жылға сотталмақ

2022 жылдың қарашасында Ыстамбұлдың Истиклал көшесінде болған лаңкестік әрекетке қатысты тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Айыптау қорытындысында Бас прокуратураның қылмыстың қасақана және мемлекетке қарсы сипатына байланысты Сирия азаматы Ахлам Альбаширге жалпы саны үш мың жылдан астам бірнеше есе еселенген жеті өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрағаны атап өтілген.

Іс бойынша сот отырысы 2023 жылдың 9-11 мамыры аралығында Ыстамбұл сотында өтеді.

Back to top button