BasNewsЖаңалықтар
Кейінгі тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырған
Кейінгі тәулікте елімізде коронавирустың 64 жағдайы анықталды, оның ішінде ПТР-сынамамен расталған және расталмаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ДСМ мәліметіне сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 64 адам анықталған. Оның ішінде 50 жағдай расталған, 14 жағдай расталмаған.
Сондай-ақ, 5 ақпанда коронавирус жұқтырған бір науқас қайтыс болды.
7 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 684 адам коронавирус инфекциясынан (–1 509 + және 175 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 128 пациент стационарда, 1 556 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.