BasNewsЖаңалықтар
Елордада айналымы $34 млн болатын заңсыз криптовалюта айырбастау пункті анықталды
Астанада криптовалютаны айырбастауға арналған заңсыз пункт ұйымдастырған үш азамат ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қаржы мониторингі агенттігі аталған азаматтардың 2021-2023 жылдары криптовалюта айырбастап келгенін мәлімдеді.
«Криптоайырбас пунктінің ұйымдастырушыларынан құралдар, 342 мың доллар мен 7 миллион теңге көлесінде қаржы тәркіленді. 2 криптоәмиянда 23 мың доллар болатын криптоавтиктер анықталды, оларға Binance платформасында уақытша шектеу енгізілген», – деп қосты ведомство өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша айырбас пунктінің айналымы 34 миллион доллар болған. Қазір тергеу жалғасып жатыр.