BasNewsЖаңалықтар
Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды. Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты шығарды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Baigenews.kz басылымының жазуынша, қорғаныс ведомствосының бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Сот іс «құпия» белгісімен қаралғанына сілтеме жасап, толық мәлімет бермеді.
Бектановқа қатысты тергеу оның қаңтар оқиғасы кезінде қызметте әрекетсіздігіне байланысты 2022 жылғы 19 ақпанда басталды.