BasNewsЖаңалықтар

Байқоңырда 10 жасар бала 4 айлық қарындасын үстелден құлатып алған

Байқоңырда 10 жасар бала қарындасын ас үйдегі үстелден құлатып алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ағасы қарындасын көтеріп жүрген. Алайда су ішу үшін ас үйге кіріп, қарындасын үстелге қойғанда, сәби жерге құлап ктекен.

«Нәтижесінде сәби жабық бас сүйек-ми жарақаты, самай сүйегінің сынуы, ми жарақатын алды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Ведомство мәліметінше бұған дейін өзге отбасыда қарындасына бас-көз болған ағасы сәбиді құлатып алған.

«Ата-анасы 5 айлық қыздарына бас-көз болу үшін 8 жасар ағасына сеніп тапсырған. Бала сәбиді көтермек болғанда ол төсектен жерге құлап кеткен. Салдарынан нәрестеның төбе сүйегі сынып, ми жарақатын алды», – деп қосты «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы.

Back to top button