BasNewsЖаңалықтар
Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді
15 наурыз күні БҚО, СҚО, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9:30-дағы ақпаратқа сәйкес, шектеу еліміздің 3 өңіріндегі тас жолға қойылады.
Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі жабылды:
- «Астана-Петропавл» күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;
- «Астана-Петропавл» күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;
- «Көкшетау-Омбы» тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;
Батыс Қазақстан облысында:
- «Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;
Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабылды:
- «Челябинск-Новосибирск» тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;
- «Астана-Петропавл» тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;
- «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;
- «Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
- «Көкшетау-Омбы» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.