BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы өсіп жатыр
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,39 теңгеге көтеріліп, 466,15 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 67,94 (+0,67) теңге болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 496,21 теңге, рубль бағамын 6,14 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 462 – 467 теңге, еуро – 492 – 501 теңге, ресей рублі – 5,95 – 6,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.
16 наурызда мұнай бағасы да өсті. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 0,98%-ға өсіп, 74,41 доллар болса, WTI-ның сәуірдегі фьючерстері 0,95%-ға өсіп, 68,25 доллар болды.