BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің 4 өңірінде тағы 15 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 15 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 1 сәуірдің 11.15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 тiркелдi, Алматы қаласында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 6 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 6 адам.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында – 14 адам, Ақмола облысында – 16 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 18 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 363 науқас тіркелді», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, бүгінгі Қазақстанда коронавирустан үшінші адамның қайтыс болғаны анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button