BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте дизель отыны тапшы

Шымкентте тағы да дизель отынының тапшылығы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Салдарынан жанармай бекетінде жүк көліктерінің иелері сағаттап кезек тұр. Тіпті кейбір стансалар дизельді сатылымнан мүлде алып тастаған. Сондықтан кезек күтіп, «тапқанын місе тұтқаннан басқа шара жоқ»,-дейді амалы таусылғандар. Ал жанар-жағармай қауымдастығының өкілдері бұл жағдайды мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуімен байланыстырады. Сол себепті Энергетика министрлігі: «барлық мұнай өнімдерінің мақсатты жеткізілуін қадағалайтын жүйені дамыту керек», – дейді.

Ерлан Алтаев, жүргізуші: 
– Алдыңғы күні, кешегісін білмеймін мен өзім бір аптаталап тұрдым. Іздедім. Жеңіл көлікпен шығып іздеймін. Осы бекет беріп жатыр деп таңғы 9:00 ден келіп тұрамыз. Осындай түскі уақытта құйып, кетеміз.

Қайыпбек Қамбаров, жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы: 
– Әрқашан бізде жетіспеушілік пайда болады. Оның барлығы механизмнің жоқтығынан. Әлі де болса оған қоғам болып бірігіп, қауымдастық мемлекетпен бірігіп, оған қадағалау қажет. Неге десеңіз ол стратегиялық тауар көтерілсе, басқа да тауарларымыздың бағасы көтеріліп отырады.

Back to top button