BasNewsЖаңалықтар
Алматыда жер сілкінді
Алматыда жер сілкінді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.
Станциялар желісі 2023 жылғы 2 сәуірда Алматы уақыты бойынша сағат 16:56:14-те (2023 жылғы 2 сәуірде 10:56:14 GMT) жер сілкінісі тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.2.
- MPV магнитудасы 3,6.
- Эпицентр координаттары 43,07° солтүстік 76,81° шығыс
- Тереңдігі 10 шақырым.
- MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балл сезілген.