Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің атқарған жұмыстарының қорытындысы және алдағы жоспары

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Халықты толғандыратын мәселелерді жүйелі шешу мақсатында Агенттік еліміздің әрбір өңірі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің арнайы карталарын әзірледі.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы жүйелі сыбайлас жемқорлық кездесетін 8 саланы қамтиды. Олар:білім, денсаулық, жер қатынастары, тұрғын үй, әлеуметтік қамту, мемлекеттік сатып алу, құрылыс және полиция.

Проблемалық салалар кездейсоқ енгізілмеген, әрбір бағыт – азаматтар мен кәсіпкерлердің шағымдарын мониторингілеудің нәтижесі, талдау мен тергеу практикасының қорытындылары болып табылады. Жыл басынан бері екі саланы, яғни білім және жер қатынастары салаларын анықтап отырмыз.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ерғарин Дәурен Тілекұлының айтуынша, агенттіктің қызметі толығымен қайта бағытталып, жұмысты бағалаудың нәтижелерін түбегейлі өзгертіп, көрсеткіштерге ұмтылудан бас тартты. Бұрын сандық нәтижені көздей отырып, бірінші кезекте азаматтардың өзекті мәселелерін емес, формальды жетістікті негізге алатын едік. Негізінде, тіркелген қылмыстар, айыпталған адамдар неғұрлым көп болса, сонымен қатар олардың дәрежесі жоғарылаған сайын – көрсеткіш соғұрлым жақсы болатын. Осы тұрғыда Шымкент анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны бойынша антилидер болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button