Жаңалықтар

Шымкент: Жолда жүру ережелерін қатаң сақтау сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі

2022 жылдың 19 сәуірінен бастап «Қауіпті жүргізуші» жүйесіне 4 254 автокөлік енгізілген. Оның ішінде 2 730 автокөлік иесі ұсталған.

Ұсталған автокөлік иелеріне қатысты 8 797 нұсқама шығарылып, 206 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған. Қазіргі таңда, оның 67 млн. 173 мың теңгесі өндірілді.

Сот орындаушылардың қатысуымен өткізілген профилактикалық іс-шарада 1 524 автокөлік құралы тоқтатылып, арнайы айыптұраққа жеткізілді. Айыптұрақта тұрған көлік иелерінің жалпы айыппұлы 4,5 млрд. теңгеден астам сомманы құрап отыр.

Өткен жылдың 12 айында 398 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда -8,5 пайызға төмендеген (2021 жылдың 12 айында – 435). Оның ішінде, 57 адам қаза тауып, былтырғы жылмен салыстырғанда -25,0 пайызға азайған (2021 жылдың 12 айында – 76). Жаяу жүргіншіні қағудың 175 жайты тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда -27,4 пайызға азайған (2021 жылдың 12 айында – 241), оның ішінде 21 адам қаза тауып, былтырғы жылмен салыстырғанда -32,3 пайызға азайған (2021 жылдың 12 айында – 31), ал 164 адам әр түрлі дене жарақатын алып, былтырғы жылмен салыстырғанда -7,3 пайызға кеміген (2021 жылдың 12 айында – 177).

Сондай-ақ, 2022 жылдың 12 ай көлемінде жалпы көлік жүргізушілермен жол ережесін бұзған 909 мың 534 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 375 мың 189 құқықбұзушылықты көп анықтаған. (2021 жылдың 12-айында – 534 мың 345).

Атап айтсақ,

Көлік құралын мас халде басқару Әкімшілік кодекстің 608-бабы бойынша 1038 жүргізуші анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 198 мас жүргізушіні көп анықтаған (2021 жылдың     12-айында – 840);

Әкімшілік кодекстің 596-бабы бойынша жолдың қарама-қарсы бағытына шығу – 979 құқықбұзушылық анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 64,5 пайызға көп анықталған (2021 жылдың 12-айында – 595);

Әкімшілік кодекстің 600-бабы «жаяу жүргіншіні өткізбеу» – 1 мың 222 құқықбұзушылық анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға көп анықталған (2021 жылдың 12-айында – 1 мың 109);

Әкімшілік кодекстің 615-бабы «жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидасын бұзуы» – 29 мың 531 құқықбұзушылық –өткен жылмен салыстырғанда 391 пайызға көп анықталған. (2021 жылдың       12-айында – 6 мың 013).

Басқа жаңалықтар

Back to top button