Түркістан облысы

Түркістан-Шәуілдір бағытындағы жол 2024 жылы пайдалануға беріледі

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері облысқа келетін күре жолдардың барлығы жөндеуден өткізіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тұрғындармен кездесулеріндегі ел өтінішіне сәйкес, инфрақұрылым мәселесі қатаң бақылауға алынды. Өңір басшысының тапсырмасымен жол салу жұмыстары да қарқын ала түсті. Соның ішінде маңызды жобалардың бірі – Түркістан-Шәуілдір бағытындағы жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолын қайта құрудан өткізу қолға алынды.

Нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары 4 учаскіге бөлініп, кезең-кезеңмен іске асырылып келеді. Атап айтсақ, Түркістан-Шәуілдір I учаскі (11,4 шқ), Түркістан-Шәуілдір II учаскі ( 17,7 шқ), Түркістан-Шәуілдір III учаскі (17,6 шқ), Түркістан-Шәуілдір IV учаскі (17,4 шқ).

Бүгінгі таңда, Шәуілдір елдімекенінен Түркістан қаласы бағытына қарай 35 шақырым (III-IV учаскі) аралықта жолды кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу барысында жол бойындағы су өткізгіш құбырлар және көпірлер қайта құрудан өтіп, жолдың ені 2 жолақтыдан 4 жолақтыға дейін кеңейтілуде. Яғни, жолдың ені 8 метрден 15 метрге дейін ұлғайтылған.

Қайта құру жұмыстарын III учаскіде мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС-і және IV учаскіде «Отау-Строй» ЖШС-і тарапынан іске асырылуда. Нысанды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Back to top button