«Автобус» іс-шарасының 3 күнінде жол ережесін бұзған 500-ден аса жүргізуші анықталды

Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте үш тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 568 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Атап айтқанда,
– ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (жолаушыларды, багажды және заттарды
тасымалдау ережесін бұзу) – 16;
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған
көлік құралын басқару) – 16;
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 6;
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 50;
– ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 164;
– ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 105;
– Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) – 4;
– Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны – 4;
– ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігі (міндетті сақтандыру қағидасын бұзу) – 36.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Шымкент ҚПД Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.
Қазіргі кезде Шымкент қаласы Қазығұрт шағынауданында жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының жол белгілері жаңартылды.
Құрметті қала тұрғындары мен көлік жүргізушілері, Сіздерді жол белгілеріне назар салып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз.



