Жаңалықтар

Шымкенттік тәртіп сақшылар студенттерге сабақ өткізді

Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін. Осы ретте Шымкент қалалық «Сана Сезім» орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде» семинар-тренинг өткізді. Оған Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі мен Тұран ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы және колледж студенттері қатысты.

Іс-шара барысында тыңдаушыларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді. Полиция қызметкері студенттерге мұндай жағдайларда олар әрдайым колледж психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.

Іс-шарада сөз сөйлеген Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Раушан Қабланбекқызы: «Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жағдай баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін» екендігін айтып толығырақ түсіндіріп өтті.

Ел Президенті был­тыр­ғы Жолдауында әйелдерге қарсы тұр­мыстық зорлық-зомбылық үшін жа­за­ны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы Мәжілісте де арнайы жиын өткізіліп, «Отбасылық-тұр­мыс­тық зорлық-зомбылыққа қар­сы іс-қимыл туралы» заң жобасы талқыланған. Нәтижесінде, «отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы заңға сәйкес, зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бөлінген. Яғни, әрбір жәбірленуші қол жұмсау әрекетінің алдын алып, құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Бірақ көпшілік зорлық-зомбылық құрбандары әртүрлі жағдайларға байланысты полицияғя шағым-арыз түсірмей жатады. Сондықтан көптеген жәбірлеушілер жазаға ілікпейді. Жалпы, Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық көрсетілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button