BasNewsЖаңалықтар

Британ мұражайындағы (Ұлыбритания) қазақ жәдігерінің ерекше репродукциясы елордамыздағы Алматы ауданының тартылыс орталығына айналады

6 мамырда Астанада елордалық Jetisu жаңа бигвиллінде ерекше көше нысаны – Мәсі паблик-арты орнатылды.

Астаналық суретші Мансұр Смағамбетовтің өнер туындысы көшпенділердің ұлттық стилінде жасалған және өткен ғасырдың басында Жетісу жерінен ағылшын зерттеушілері тапқан қазақ мәсісінің жүріп өткен жолының тарихынан шабыт алды. Бүгінде сирек кездесетін жәдігерлердің бірі болып табылатын Қазақ Мәсісі Лондондағы Британ мұражайының тұрақты топтамасынан орын алды. Енді осы етіктің биіктігі 3 метрге жуық алып көшірмесі Jetisu бигвиллін безендіреді.

Суретші атап өткендей: «Қазақ халқы ежелден жолды қастерлеген. Бұл етік шынымен үлкен саяхат жасап, Тұманды Альбион жағалауына жетті, ал ағылшындардың құрметпен қарауының арқасында Ұлыбританияның бас мұражайына қойылып, өзінің алғашқы түпнұсқа қалпын сақтады. Қала тұрғындары мен қонақтары етік мүсінінің фонында селфи жасап, ұзақ сапарға шығудың немесе үлкен істі бастаудың алдында оқиғаның сәттілігінен қуат алуы және ойға алған ісін орындау мақсатында алға ұмтылып, Тәңірдің батасын алуы үшін осы ғажайып саяхаттың өзіне метафора жасағым келді».

Мүсін арқылы мәңгілікке жолдама алған әдемі оқиға «Қазақтуризм» АҚ мен BI Group компаниясын осы жобаны қолдауға шабыттандырды, енді Лондондағы мәсінің нышандық бейнесі «Жетісуға» қайта оралды. Құрылыс салушы өкілдері атап көрсеткендей, компанияның миссиясы – тұрғын үй кешендерінде халқымыздың ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін жаңғырту, сондықтан құрылысшылар суретшінің шығармашылық жобасын қуана қолдады.

BI Development  дивизионының директоры Расул Мұстафиннің айтуынша: «Бұл ерекше нысан жарты тонна раритеттік смальтамен қапталған ауқымды көркем туынды болып табылады. Оның негізінде ұлттық кодты қазіргі заман тұрғысынан қабылдау және ұлттық нышандарға құрмет бар. Етіктің сыртқы түрі ерекше харизмаға ие және ол елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тартылыс орнына және шағын аудан тұрғындарының мақтанышына айналады. «Жетісудан шыққан етіктердің» тарихы «қала ішіндегі қала» ретінде құрылған бигвилль философиясымен тамаша үйлесіп, қажет болатын барлық дерлік дербес инфрақұрылымымен бойлай енеді».

Сонымен қатар, құрылыс салушы өкілдерінің айтуынша, BI Group философиясына сәйкес, компания тұрғын үй сатылғаннан кейін де өз клиенттеріне қамқорлық жасауын жалғастыра береді. Үйлерге қызмет көрсету және күтіп ұстау бойынша негізгі қызметтерді ұсынумен қатар, компания әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға: мектептермен, балабақшалармен, білім беру орталықтарымен қамтамасыз етуге, салынған тұрғын үй кешендерінің айналасында жаңа өнер нысандарын құру, бизнес-серіктестерді (дүкендер, химиялық тазарту орындары, дәріханалар және т.б.) тарту арқылы аудандардың жайлылығын арттыруға, сондай-ақ аумақты белсенді түрде көгалдандыруға ұмтылады. Осылайша, нысанның ашылу күнінде оның айналасында алғашқы шығармашылық аллеясы құрылып, онда BI Green акциясы аясында 100-ге жуық көшет отырғызылды. Аллеяны отырғызуға елорда тұрғындары мен шығармашылық қайраткерлері қатысты.

Kazakh Tourism ҰК АҚ Креативті туризм департаментінің директоры Ирина Харитонова атап өткендей: «Бүгін біз бірлескен жұмысымыздың жемісін көріп отырмыз. Бұл – салауатты экожүйе, креативті экономика дәл осылай дамуы тиіс.

Біз өткен жылдың желтоқсан айында креативті жобалардың алғашқы питчингін өткізген кезде нарықтың инвестицияға қаншалықты мұқтаж екенін талдадық және инвесторлар мен креативті кәсіпкерлер бір-бірін таба алатын алаң құрдық. «Мәсі» жобасы мемлекеттің, бизнестің және Креаторлардың қалай өзара әрекеттесе алатынының нақты көрінісін береді. Біз осындай әдемі және мағыналы ынтымақтастықты көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Сонымен қатар, әрине, жаңа өнер нысаны мен алғашқы шығармашылық аллеясының пайда болғаны өте тамаша.

Осынау кішігірім істің өзінен тұтас бір бақ, Өмір бағы өсіп шығады».

Back to top button