«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарын түсіндіру бойынша іс-шара өткізілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Жамбаеваның және ҚР ДСМ жеке қауіпсіздік департаментінің ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының басшысы С. Р. Дүйсекенова, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының маманы қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын түсіндіру және сақтау бойынша іс-шара өткізілді.
Іс-шарада Департамент қызметкерлері үшін 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Сыбайлас жемқорлық дүние жүзі дамыған мемлекеттерінің өзінде де кездесе беретін қоғамдық дерт. Сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі әлем бойынша Сингапур мемлекетінде. Бұл ,әрине, жазаның өте қатаңдығының нәтижесі. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет.
Мемлекетімізде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдармен қатар көптеген бағдарламалар жасалып, сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық тәжірибе алмастырылып, шаралар өткізілуде.



