Жаңалықтар

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының бас маманы сұхбат берді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Н. Ерғали және М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Н. Тасыбек Оңтүстік телеарнасының «Түскі уақыт» бағдарламасы аясында сұхбат берді.

Сұхбат барысында М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары мен талаптары, Академиядағы күн тәртібі және оқу орнының ерекшеліктері аталып өтті.

Оңтүстік телеарнасының «Түскі уақыт» бағдарламасы аясында сұхбатта барша жастарды қайсар мамандық иесі атану үшін Мәлік Ғабдуллин  атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға шақырған осы академияның 4 курс курсанты еді. Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы-бұл дұрыс таңдау екенін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасының бас маманы тілге тиек етті. Аталған оқу орны 1973 жылдан бері төтенше жағдай мамандарын дайындап келеді. Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі саласындағы оқытатын жалғыз жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы болып табылады. Күндізгі оқу бөліміне 16 жасқа толған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды тұлғалар қабылданады. Академияда оқу тегін, күндізгі оқу нысаны бойынша оқу мерзімі 4 жыл, ол әскери қызмет өткеру мерзіміне есептеледі. Курсанттар оқу кезеңінде мемлекеттің қамсыздандыруында болады. Академия келесі мамандықтар бойынша оқытады: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару ісі», «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық». Академияны бітіргеннен кейін «азаматтық қорғау лейтенанты» арнаулы атағы беріледі және орта басшы құрам лауазымдарында жұмысқа орналасумен 100% қамтамасыз етіледі.

Академияға күндізгі оқу түрі бойынша оқуға түсу шарттары:

– Қазақстан Республикасының азаматтары (ер балалар мен қыз балалар);

– орта білімі бар;

– он алты жасқа толған;

– денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды азаматтар қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button