Жаңалықтар

Шомылуға тыйым салу туралы арнайы тақтайшаларды орнатылуда

Абай ауданы ТЖ басқармасының мамандары сенбілік профилактикалық жұмыстарын шомылуға тыйым салу туралы арнайы тақтайшаларды орнатудан бастады.

Бұл іс-шара Жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жаңаталап, Көкбұлақ тұрғын алабтары арқылы ағып өтетін «Бадам» өзенінің бойында «Шомылуға тыйым салынады», «Балаларды қараусыз қалдырмаңыз» тақырыптарында арнайы 8 ескерту тақтайшалар орнатылды.

Іс-шара барысында жергілікті тұрғындарға қосымша сақтық шаралары ескертілді.

Шымкент қ. ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында арнайы жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шараға Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердің, Шымкент қаласы аумағындағы бассейндердің басшылары қатысты.

Жазғы шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен түрде жұмыс атқару туралы айтылды.

Жұмыс кеңесі барысында су айдындарыдынғы проблемалық сұрақтар қаралып, су объектілеріне Шымкент қаласының ТЖ департаменті тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы шомылу маусымында оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шара Сайрам тұрғын алабы Ақтам көшесі бойындағы су арнасы бойында жүргізілді. Жергілікті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау және шомылуға тыйым салынған жерлерге балаларды жібермеу туралы ескертілді. Рейд барысында арнайы көрнекі материалдар таратылды.

Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тоғыс су қоймасында Холодильник демалыс орнында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып өткізді. Шомылу маусымы кезінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде демалыс аймағының қонақтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button