Жаңалықтар

Шымкент: Отбасылық келеңсіз оқиғалар жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейді

Қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді. Осы ретте Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау тобының инспекторлары М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Басқосу барысында полиция аға лейтенанты Жаңыл Спанова студенттерге «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды.

Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары студенттердің жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты.

Кездесу барысында брошюралар таратылып, зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда не істеу керектілігі түсіндірілді. Егер де Сіз, отбасындағы зорлық-зомбылық құрбаны немесе куәгері болсаңыз, міндетті түрде полиция органдарының «102» арнасына немесе «105» ақысыз сенім телефондарына хабарласыңыз. Сізге міндетті түрде көмек көрсетіледі.

Кезекті кездесу Абай АПБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау тобының инспекторлары полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева мен полиция майоры Гулмира Бектемисова №128 жалпы орта мектептің оқушыларымен өтті.  Басқосу барысында мектеп инспекторы полиция майоры Мадина Алиева оқушыларға «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды. Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button