Жаңалықтар

Өрт сөңдірушілердің еңбегі ерлікпен пара пар!

Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.

Өрт сөндіруші және құтқарушылардың қызметі, атқарылып жатқан жұмыстар, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары, алдағы өрт қауіпті, суға шомылу кезеңдеріндегі қауіпсіздік ережелері және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары тақырыптарында мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Ербол Нұрғалиев және М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты Нұрсұлтан Әшім «Оңтүстік» телеарнасына сұхбат берді.

Бұл:

– табиғи және техногендік ортадағы авариялық-құтқару және жұмыстар;

– химиялық, радиациялық зақымдану аймақтарында, биік таулы жерлерде және жетуі қиын аудандарда, арнайы жабдықтарды қолданумен, тікұшақ техникасынан десант түсіруді және т. б. қолданумен байланысты күрделі объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстары;
-су астындағы сүңгуірлік-іздестіру жұмыстары;
– өлі денелермен немесе денелердің фрагменттерімен жұмыс атқарады.

2023 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында, келесі іс-шаралар жоспарланды:

– жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды көбейтіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту;

– су айдындарының қауіпті және демалуға және шомылуға жабдықталмаған учаскелерінде су айдындарына тыйым салатын және ескерту қауіпсіздік белгілерін орнату;

– каркасты-модульдік бассейндерді сатып алу және балаларды жүзуге үйретуді пысықтау;

– мектеп оқушыларының жазғы демалысқа шығуына байланысты, «Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы мектептер мен балабақшалардың «ата-аналар» топтарына жаднамалар мен бейнероликтер орналастыру жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button