Суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар демалыс және мереке күндері күшейтілген түрде өткізілді

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2023 жылғы жазғы шомылу маусымына дайындық ретінде қала аумағындағы Білім басқармасына қарасты 151 мектепте судағы қауіпсіздік ережелері туралы стендтер мектептің бірінші қабатында фойеде орналастырды.
Шымкент қаласының аумағында суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті, ҚР Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімі, Білім басқармасы, «Жастар рухы» жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығының волонтерларымен бірлескен патрульдеу мен рейдтер күнделікті жүргізілді. Бұл іс-шаралар демалыс және мереке күндері күшейтілген түрде өткізілді.
Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған 13 орынды анықтап, ҚР Әділет министрлігі қол қойып, нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
Олар: 1. Бадам өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары; 2. Сайрам-су өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары; 3. Текесу су қоймасы; 4. Ақжар су қоймасы; 5. Шымкент магистралды каналдың қала аумағында орналасқан барлық арналары; 6. Янги-шек каналының қала аумағында орналасқан барлық арналары; 7. Қарасу өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары; 8. Қошқар ата өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары; 9. Қайнарбұлақ жасанды көлі; 10. Азат каналы; 11. Көкбұлақ каналы; 12. Хауау каналы; 13. Сасық каналы
2023 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында, келесідей іс-шаралар жоспарланды:
– жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды көбейтіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту;
– су айдындарының қауіпті және демалуға және шомылуға жабдықталмаған учаскелерінде су айдындарына тыйым салатын және ескерту қауіпсіздік белгілерін орнату;
– каркасты-модульдік бассейндерді сатып алу және балаларды жүзуге үйретуді пысықтау.



