Жаңалықтар

«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Б.Момышұлы атындағы #44 жалпы орта мектебінің оқушыларына «улы газдан улану, жер сілкінісі кезінде іс-әрекет алгоритмдері жөнінде және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Үгіт-насихат жұмыстары жалпы саны 115 адамды қамтыды, арнайы бейнероликтер арқылы қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде нұсқаулықтар оқушылар назарына ұсынылды.

Әрбір үйде газ құрылғылары бар: тамақ дайындауға арналған плита, су жылыту бағанасы, жылыту қазандығы және басқалары. Газ жабдықтары ұқыпты өңдеуді қажет етеді, өйткені ол жарылғыш. Сонымен қатар, құрылғы дұрыс жұмыс істемеген немесе қауіпсіздік шараларын сақтамаған кезде газбен улану мүмкіндігі бар.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау тек қана мүліктің бүлінуіне ғана емес, сонымен қатар адамдардың қаза болуына әкеп соқтырады. Тұрмыстық өрттердің статистикасы қала аумағында өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алатындығын дәлелдейді. Әдетте, олардың барлығы электр сымдарының немесе жылыту аспаптарының ақаулығына байланысты.
Тұрмыстық өрттердің ең көп саны жеке сектор объектілерінде тіркелген, онда қауіпсіздік ережелерін сақтау жауапкершілігі меншік иесінің өзіне жүктелген. Сонымен қатар, 57% – дан астам жағдайда өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан (темекі шегу, алау және т.б.) орын алады. Көптеген өрттер балалардың отпен ойнауынан туындайды.
Шымкент қаласының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін барынша жауапкершілікпен сақтауға, сақ болуға және өртті сөндіруден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай екенін есте сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі тартпаңыз, тұрмыстық және басқа да техниканы пайдалану жөніндегі нұсқауларды сақтаңыз, электр сымдарының оқшауламасы бұзылған аспаптарды пайдаланбаңыз.
Пәтерде өрт орын алған жағдайда жүргізілетін профилактикалық алдын алу іс-шаралары:

  • Үйде бензин, керосин, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыз.
  • Ең болмағанда бір өрт сөндіргішті сатып алыңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button