Жаңалықтар

Қайнарбұлақ елді мекенінде орналасқан жасанды көлде «Шомылуға тыйым салынады» ескерту тақтайшалары орнатылды

2023 жылғы жазғы шомылу маусымына дайындық жұмыстары басталды.

Осы ретте Абай ауданы ТЖ басқармасының мамандары 1 сәуірде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында алдын алу жұмыстарын бастады.

Бұл бағыттағы жұмыстар Қайнарбұлақ елді мекенінде орналасқан жасанды көлде «Шомылуға тыйым салынады» ескерту тақтайшаларын орнатты.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтік мақсаттарының бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 2022 жылы су айдындарында Республика бойынша 239 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 77 бала, сонымен қатар, шомылу маусымы кезеңінде 184 адам суға кетті, оның ішінде 62 бала. Шымкент қаласы бойынша 3 адам қаза болған, оның ішінде 2 бала. 2022 жылы шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін департамент жергілікті атқарушы және құзырлы органдарымен бірлесіп, бірқатар іс-шараларды атқарды.

Қала әкімінің қаулысымен шомылу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар, Полиция департаментері және Ұлттық Ұланның 6506 әскери бөлімімен өзара әрекеттесу жөніндегі бірлескен жоспары бекітілді. Қала әкімінің қаулысымен суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілгенін тағы да еске сала кетейін (Тоғыс су қоймасының «Холодильник», Бадам су қоймасының «Рахат Бадам», Қошқар ата өзенінің бастауы, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл, «Жайлаукөл» демалыс орны (Тұлпар)), оның ішінде
3 орында шомылуға рұқсат етілген. Тоғыс су қоймасының «Холодильник», Бадам су қоймасының «Рахат Бадам» демалыс орындары және Қошқар ата өзенінің бастауы.  Сонымен бірге, қала аумағындағы барлық аквасаябақтар да шомылу маусымында жұмыс атқарды.

Ағымдағы жылдың басталуымен Департамент 2023 жылғы жазғы шомылу маусымына дайындық ретінде қала аумағындағы орналасқан Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты 151 мектепте судағы қауіпсіздік ережелері туралы стендтер мектептің бірінші қабатында фойеде орналастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button