Астанада қарулы азамат Kaspi банкінің бөлімшесін ішіндегі халықпен бірген басып алған
Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшесінде бірнеше адам кепілге алынған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
«Астанадағы Достық көшесіндегі «Керуен» сауда орталығында Kaspi Bank-тің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Полиция қызметкерлері оқиға орнында ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарын сабыр сақтауға шақырды.
Кепілге алынғандар полицияның шабуылынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер кеңсе ішінен шығарылған.
“Шабуылшы ұсталды. Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар мен шабуыл жасаған азамат зардап шеккен жоқ”, – деп қосты полиция.
Басып алушымен келіссөзді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізген. Әскери операцияны да өзі басқарған.