BasNewsЖаңалықтар

Катонқарағай ұлттық саябағында өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи саябағында өрт шықты. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

“Шалғайдағы таулы аймақтағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының (Усть-Язовское орман шаруашылығы) аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр. Аумақ анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрт салдарын жоюға орманшылар жеке құрамынан 123 адам, Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен «Қазавиалессохрана» ММ өрт сөндірушілері, ШҚО әкімдігінің авиациялық бөлімшесінің 3 техникасы мен 2 тікұшағы жұмылдырылған.

“Бұл аймаққа кіру қиын. Тікұшақтардың көмегімен 10 рет су себілді. Белсенді жиегі жоқ. Сөндіру үшін бөлек түтін шығару орындары бар. Өрттің таралуына тосқауыл қойылды”, – деп қосты аймақтың төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев жүр.

Катонқарағай ұлттық саябағы – Қазақстандағы ең үлкен саябақ. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орналасқан, Ресеймен шектеседі. ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мұралар тізіміне енгізілген.

Back to top button