BasNewsЖаңалықтар

Астанада құрылыс алаңында кран құлады

Астанада қатты желден құрылыс алаңында жұмыс істемей тұрған кран құлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 18 маусымда, шамамен сағат 19:50-де, «GREENLINE. ASYL mura» тұрғын үй кешені құрылысы алаңында (мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Е10, Е51,Е305 (жобалық атаулары) Қ. Мұхамедханов көшесінің қиылысы) қолайсыз ауа-райынан, атап айтқанда күшті желдің салдарынан жұмыс істемейтін КБ – 401 краны қасында тұрған кранға құлады. Крандар INVEST City ЖШС-ға тиесілі», – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің инспекторы жұмыс істейді», – дейді ведомстводан.

Back to top button