BasNewsЖаңалықтар

Алматыда жұрт наразылығын тудырған әйгілі мурал қалпына келтірілді

Алматыдағы қар барысы бейнеленген мурал қайта қалпына келтірілді. Бұған дейін үйдің қас бетіндегі бұл сурет сусын жарнамасына боялған еді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Жібек жолы көшелері қиылысындағы ғимараттың қас бетіне салынған қар барысының суреті тура бастапқыдай қалпына келтірілді.

Муралды 2017 жылы Қала күніне орай бейнелеген сол суретшінің өзі қалпына келтірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін үйдің қас бетіндегі барыс суретін мамыр айында сусын жарнамасы алмастырған еді. Кейін бұл жағдай қоғам арасында наразылыққа ұшырап, өндіруші-компания бұл жағдай үшін кешірім сұрады. Әрі қар барысының бейнесін дәл түпнұсқасы сияқты қалпына келтіруге уәде берген болатын. Кейін даулы мәселеге Алматы қаласы әкімдігі де пікір білдірді.

Енді компания сол үй қарайтын ПИК-пен жасалған келісімшартта көрсетілгендей, ғимараттың қас беті үшін жалға алу ақысын қазан айына дейін төлей береді. Бұл қаражат үйдің шатырын жөндеуге жұмсалады.

Back to top button