Жаңалықтар

Астана 25 жылда қалай өзгерді?

1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола(қазір Астана) Қазақстанның астанасы болып жарияланды.1998 жылы Ақмола қаласының аты ресми түрде Астана деп өзгертілді. Содан бері еліміздің астанасында түрлі өзгерістер мен жетістіктер саны артып келеді.

Бүгінде Астана қаласы әлемдік деңгейдегі форумдар, съездер, конгрестер, халықаралық маңызы бар шаралар өтетін орталыққа айналып отыр. Астана 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Ал 2000 жылдан бастап астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі саналды. ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық жиындары болды.2010 жылы Астанада Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуімен саммит өтті. Сонымен қатар әр 3 жыл сайын тұрақты түрде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары да елордамыздың төрінде бас қосады. Астанада 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындары болды және Азиядаға түрлі мемлекет қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. 2017 жылы «EХРО-2017» халықаралық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Қазіргі таңда Астана қаласы «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр», «Нұра» атты аудандарынан тұрады. 2022 жылға дейін қала 4 ауданнан тұрды. Аталған жылдың желтоқсанында президент шешімімен Нұра ауданы құрылды. Оның көлемі 19 336 га құрайды. Өткен 25 жыл ішінде Астананың архитектуралық келбеті ғана емес, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де өсті. Елордада кәсіпкерлік саласы, құрылыс дамып, қызмет көрсету, тауар айналымы, көлік саласы жанданып келеді. Қаланың көрікті жерлері мен көз тартатын биік ғимараттары да жыл санап көбеюде. Атап айтсақ, Бейбітшілік және келісім сарайы (2004-2006), Ханшатыр(2006-2010), көпқабатты Северное сияние тұрғын үй кешені(2008), Астана Опера театры(2010-2013),Экспо(2015-2017) және 75 этаждан тұратын Абу Даби көпфункционалды ғимаратының құрылысы 2010 жылы басталып, өткен жылы аяқталған болатын. 2019 жылы тұңғыш президент бастамасымен Орталық Азиядағы және Қазақстанда сыйымдылығы бойынша ең үлкен Астана қаласының бас мешіті құрылысы басталып, 2022 жылдың 12 тамызында ашылуы өтті.

Осы жылдар ішінде еліміздің астанасы атауын 5 рет өзгертіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. 1961 жылға дейін қала Ақмола деп аталып, сол жылдан 1991 жылға дейін Целиноград(тың игеру қаласы) болды. 1991 жылы еліміздің тәуелсіздігіне байланысты бұрынғы Ақмола атауына қайта өзгертілді. 1998 жылы мемлекет астанасының сонда ауысуына байланысты, елорда атауы Астана аталды. 2019 жылы Астананы Нұр-сұлтан деп атап, 2022 жылы қайта Астана атауы қайтарылған болатын.

Астанадағы халық саны 2023 жылдың қаңтарында 1 354 435 адамды құрады және Қазақстада Алматыдан кейін екінші орында тұр. Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізді. Ол кезде тұрғындар саны 1 002 874 адам болды.

Еліміздің елордасы Астана қаласы жылдан-жылға көркейіп, даму үстінде. Қала әлеуметтік және экономикалық тұрғыда жанданып, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер қабылдауда және осылайша түрлі мемлекеттер келіп бас қосатын іс-шаралардың орталығына айналды. Бұл Қазақстан үшін атап өтерлік үлкен жетістіктердің бірі. Ширек ғасырда адам танымастай өзгерген Астанамыздың деңгейі әлі де өсіп, әлем назарын аударады деген сенімдеміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button