Жаңалықтар

Тәртіп сақшысы ұрлық жайтының оң шешімін тауып бергені үшін алғысқа бөленді

Полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым көмекке мұқтаж жандарға заң шеңберінде көмек көрсетіп, қоғам тыныштығын сақтап келеді.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция аға лейтенанты Б.Мұсақұл қала тұрғынының арызы бойынша ұрлық жайтының оң шешімін тауып бергені үшін алғысқа бөленді.

Анығырақ айтсақ, 2023 жылдың 1 мамырында, Еңбекші ауданы Полиция басқармасының «102» арнасы арқылы 25 жастағы тұрғын арызданған. Ол өз арызында, сол күні қаладағы мешіттердің бірінде өзіне тиесілі құны 30 000 теңге тұратын күртешесі мен 30 000 теңгелік көлігінің кілтін белгісіз тұлға ұрлап кеткені бойынша жеткізген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 60 000 (алпыс мың) теңгені құраған.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты жіті зерделей шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, күдік тудырған азаматтардан түсінік алды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы жайтқа қатысы бар азамат қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ, Шымкенттік тұрғын көші-қон қызметіне алғыс айтты. Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғын төлқұжатын жасату мәселесі бойынша жүгінген. Тиісінше, тәртіп сақшылары азаматшаның өтінішін жедел қабылдады. Заң талаптарын толығымен түсіндіріп, құжаттарын заң шеңберінде реттеуге көмектесті. Атқарылған тиісті шаралардың нәтижесінде, жаңа үлгідегі төлқұжат рәсімделіп, иесіне табысталды.

Өз кезегінде, қала тұрғыны Махсуда Көшекбаева: «Әл-Фараби АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне төлқұжатымды рәсімдеуге өтініш қалдырған едім. Қызметкерлер сапалы қызмет көрсетіп, жедел түрде төлқұжатымды дайындап берді. Сіздерге алғысымды білдіремін»,-деп ризашылығын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button