Шымкентте құтқарушылар тұрғындарға төнген қауіпті жойды

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне халыққа көмек көрсету туралы хабарлама келіп түсті. Әл-Фараби ауданында Жангелдин көшесінің бойында тамырымен бірге ағаш құлады. Ағаш электр сымдарына құлап, өтіп бара жатқан адамдарға және жақын маңдағы көліктерге құлап кету қаупі болды.
Оқиға орнына ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барып, арнайы құралдардың көмегімен ағашты кесіп тастады. Тұрғындарға қауіп жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ, бүгін Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, аудан әкімдігі, мамандандырылған жасақ, қалалық орта сапасын бақылау басқармасының қызметкерлері бірлесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Газ техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері де осы іс-шараға қатысып, Қайтпас-2 шағын ауданының тұрғындары арасында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Үйдегі газ тұтыну жүйесінің заңдылығын түсіндіріп, ВДГО қызметкерлерімен келісімшартқа тұру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар Сырым батыр, Қаламбаев, Алтыбақан, Ибраимов, Молдабеков, Мырзабеков көшесінің тұрғындарына дауыс зорайтқыш құрылғысымен сақтық шаралары ескертілді. Тұрмыстық газ аса қауіптілікті білдіреді және газ плиталарды, баллондарды пайдалану ережесі мен өрт қауіпсіздігін бұлжытпай сақтауды талап етеді.
Жазғы өрт қауіпті кезеңінде дала-орман өрттерін алдын алу жұмыстары басты назарда. Осы ретте Абай ауданы ТЖ басқармасының мамандары қаладағы ең танымал және аумағы бойынша ең үлкен саябақтардың бірі дендрологиялық саябақта өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша саябақтың аумағында жинақталған құрғақ шө және қүраған ағаш бұтақтары жанып, саябаққа таралу қауіпі орын алды. Дендросаябақтың негізінде құрылған ерікті өрт сөндірушілер құралымдары өз күшімен шартты өртті сөндіруге кірісті. Қосымша Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің #5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен техникасы көмекке келді. Шартты өртті сөндіруге 50 адам және 5 техника жұмылдырылды. Үйлесімді іс-әрекеттердің нәтижесінде өрт дер кезінде сөндіріліп, оның таралуына жол берілмеді.



